Зарина Дияс Australian Open-2021 турнирін жеңіспен бастады

651

Австралияның Мельбурн қаласында "Үлкен Дулыға" турнирінің алғашқы ірі додасы – Australian Open-2021 бәсекесі басталды.

Зарина Дияс Australian Open-2021 турнирін жеңіспен бастады

Аталған сынға қатысып жатқан қазақстандықтар арасынан Зарина Дияс алғаш болып бірінші айналымнан өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық теннисші беташар матчта словениялық Тамара Зиданшекті екі сет қорытындысы бойынша ұтты. Есеп - 6:1, 7:5. Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылған.  WTA рейтингінде Зарина 81-ші, Зиданшек 132-орында тұрғанын айта кету керек. 

Өкінішке қарай, бала күтіміне байланысты үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралған Ярсолава Шведова жекелей сынды аяқтады. Ол алғашқы айналымда италиялық Камила Джорджиден 3:6 3:6 есебімен ұтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу