Зарина Дияс Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

640

Қазақстандық Зарина Дияс Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты. 

Зарина Дияс Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

Әлемнің 88-ракеткасы З.Дияс алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингіде 151-орында тұрған ресейлік Наталья Вихлянцевамен кездесті, деп жазады inbusiness.kz  ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірінші партия барысында Зарина өз шеберлігінің басым екендігін таныта білді – 6:3.

Қазақстандық теннисші екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Ақыры үшінші матчболын сәтті пайдалана алды – 6:1. Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды. З.Дияс екінші айналымда отандасы, әлемнің 31-інші, осы доданың 11-ракеткасы Юлия Путинцева немесе рейтингіде 104-сатыдағы германиялық Андреа Петковичтің біреуімен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу