Маусымның 10-16 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында теннистен ITF сериясы аясындағы халықаралық турнир аяқталды деп жазады Olympic.kz.
Қазақстандық Зарина Дияс финалға дейін сүрінбей, ақтық сында польшалық Магде Линнетке есе жіберді. Матчтың қорытынды есеібі - 6:7, 6:2, 3:6. Заринаның финалдағы қарсыласы турнирге қатысушылар ішінде ең жоғарғы орында тұрғанын (WTA рейтингінде 96-шы орын) айта кету керек.
Чемпиондық атақ үшін өткен кездесу 2 сағат 14 минутқа созылды.
Зарина ширек финалда қытайлық спортшыны жеңсе, оған дейін үш бірдей америкалық теннисшіні жарыс жолынан шығарған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу