Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұған дейін олар өзара екі мәрте кездесіп, есеп 1:1 болған еді. Енді Зарина 2:1 есебімен алға шықты.
Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында З.Дияс әлемнің 72-інші, осы турнирдің 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линь немесе рейтингте 251-сатыдағы франциялық Хармони Танның біреуімен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу