Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасын ұтты

700

Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасын ұтты

Токиода өтіп жатқан Japan Women's Open Tennis турнирінде Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваны жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық қос қыз турнирдің ширек финалында кездесті. Бірінші сетте 6:4 есебімен Путинцева алға шықты, алайда екінші ойында Дияс 6:1 есебімен басымдылыққа ие болып, қорытынды кезеңде 6:3 есебімен Путинцеваны жарыстан шығарып жіберді. 
Айта кетейік, Юлия Путинцева WTA рейтингінде 52-ші орында, ал Дияс 100-ші орында. Бұрындары теннисші қыздар теннис алаңында қарсылас атанбаған. 
Финалдық кездесуде Зарина Дияс америкалық теннисші Кристина МакХэйлмен кездеседі. 
Еске салайық, Japan Women's Open Tennis турнирінің жүлде қоры - 226 750 доллар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу