Қазақстандық теннисші Зарина Дияс ақтық матчта тайвандық Я-Хсуян Лиді екі сетте 6:2, 6:3 есебімен ойсырата ұтып, Наньниндегі ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы 24Хабар жазды.
Матч екі теннисші үшін де алғашқы бетпе-бет кездесу болып отыр. Айта кетейік, ойын алдында WTA рейтингінде Зарина Дияс 242-орында, ал Я-Хсуян Ли 300-орында тұрған болатын.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        