Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Тайбэйдегі турнирді жеңіспен бастады

574

Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Тайбэйдегі турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайтын Тайбэйдегі халықаралық турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды vesti.kz.

Taiwan Open турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева жапон теннисшісі Юнри Намигатаны 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Келесі айналымда қазақстандық теннисші  Кай-Чен Чанмен (Тайбэй) кездеседі.

Зарина Дияс болса алғашқы айналымда ресейлік Анна Блинковадан айласын асырды. 1 сағат 29 минутқа созылған ойында отандасымыз 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Зарина екінші айналымда румын теннисшісі Моника Никулескумен немесе тунистік Онс Жабермен жолығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу