Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, prosports.kz.
Жерлесіміз ширек финалда ресейлік Мария Шараповамен күш сынасып, 6:3, 6:3 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бұл турнирдің сыйақы қоры өте мол. Жалпы жүлде қоры 750 мың долларды құрайды. Ал жарыс жеңімпазы 163 мың долларды қалтасына басады. Екінші орын алған тениисші 81 мың АҚШ долларын иеленетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу