Зарина Дияс Токио Олимпиадасына қатысатын болды

1003

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Дияс Олимпиада лицензиясының иегері болды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Зарина Дияс Токио Олимпиадасына қатысатын болды

Бұл Халықаралық теннис федерациясы қалған квоталарды қайта бөлуді жүзеге асырғаннан кейін белгілі болды. Спортшының ITF лицензиясын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті растады.

Спортшы жекелей сында өнер көрсетеді.

Осылайша, алты қазақстандық жекелей сында бақ сынайды.Атап айтқанда, бұған дейін Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин жолдама иеленген.

Жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Бублик, сондай-ақ Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова сынға түседі.

Еске салайық, Токио Олимпиадасына спортшыларды қабылдау 2021 жылғы 7 маусымдағы ATP және WTA рейтингтері негізінде жүзеге асырылды.

Әр елден қатысушылардың ең көп саны 12 адамнан аспауы керек (алты ер адам және алты әйел). 64 теннисші жеке, 32 жұп - жұптық, 16 жұп - аралас жұпта қатысады.

Сонымен, Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 97 лицензия бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу