Үндістанның Нью-Дели қаласында Федерация кубогының ойындары өтуде. Кеше Қазақстан мен Үндістан құрамасы шеберлік байқасты. Алғашқы кездесуде Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-інші ракеткасы Зарина Дияс дүниежүзілік рейтингте 284-інші орында тұрған үндістандық Карман Каур Тхандиді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Матч 1 сағат 2 минутқа созылды, деп хабарлайды prosports.kz.
Еске сала кетейік, кеше А тобында Гонконг теннисшілерімен кездесуді де Зарина Дияс жеңіспен бастап, қорытындысында қазақстандықтар қарсыласын 3:0 есебімен ұтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу