Зарина Дияс Жапонияның Гифу қаласында өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.
Жүлде қоры 80 мың АҚШ долларын құрайтын турнирдің финалында Зарина тайпейлік Эн Шу Лингті 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл Заринаның өз мансабындағы тоғызыншы жеңісі. Жапониядағы жарыс барысында қазақстандық спортшы АҚШ, Қытай, Жапония және Австралия өкілдерінен басым түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу