Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады

233

Зарина әлемнің 410-ракеткасы, 24 жастағы Сакура Хосогимен сынға түсті. 

Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады Фото: kaztag.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Отандасымыз жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа биыл ғана оралған еді. Курумиде алғашқы айналымда Зарина әлемнің 410-ракеткасы, 24 жастағы Сакура Хосогимен сынға түсті. 

Бірінші партияда қазақстандық спортшы 6:4 есебімен қорытындыласа, екіншісінде Хосоги қарымта қайырды – 6:3. 

Үшінші, шешуші сетте Зарина 5:2 есебімен алға шығып, матчқа екі рет доп бергенде, жеті матчболын пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2). Текетіреспен өткен матч 2 сағат 25 минутқа созылды. 

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 214-ракеткасы, Таиланд өкілі, 21 жастағы Мананчэйа Савангкаевпен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу