Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамиде өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында Каролина Плишковаға қарсы кездесуді соңына дейін жалғастыра алмады, деп хабарлайды prosports.kz.
Ойынның бірінші сеті 6:2 есебімен Плишкованың пайдасына шешілген. Екінші сетте Плишкова 2:1 есебімен алда келе жатқан болатын. Бірақ Дияс төртінші геймде жарақатына байланысты кездесуді ары қарай жалғастыра алмады.
Зарина Дияс қазіргі уақытта WTA рейтингінде 56-орында келеді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        