Алматыда енді зәулім үйлер мен биік мұнаралар салуға заңмен тыйым салынды. Әсіресе, бұл Алатау бөктерін жағалай салынатын коттедждерге тікелей қатысты. Қалалық маслихат депутаттарының кеңесінде осындай заң қабылданды.
Сөйтіп, енді әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарға 3 қабаттан артық үй тұрғызуға шектеу салынып отыр. Ақпарат Алматы әкімдігінің сайтында жарияланыпты.
Сондай-ақ енді жаңа үй Медеу шатқалы мен Көктөбе маңында да тұрғызылмауы тиіс. Қазір қалалық жер қатынастары қызметіне жауаптылар Алматы аумағын тағы кеңейту жұмысын жүргізіп жатыр. Бұған дейін қалаға Талғар мен Қарасай аудандарынан жер қосылған еді.
Автор: Құралай Пионер
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу