Зәуреш Ақашева халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

793

Эстония астанасы Таллинде үстел теннисінен "Estonian Open" халықаралық турнирі аяқталды.

Зәуреш Ақашева халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

Аталған сында қазақстандық Зәуреш Ақашева екі мәрте жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Зәуреш алдымен польшалық клуб сапында командалық турнирдің ақтық сынына дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Кейін жекелей сында турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетелік, Эстониядағы турнир 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен спортшылар қатысты.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу