Зауыт маңындағы көлден су ішкен мал қырылып жатыр

935

Зауыт маңындағы көлден су ішкен мал қырылып жатыр

Жамбыл облысында мал қырылып жатыр. Талас ауданы Қаратау қаласында жылқыдан бастап, сиыр, қойға дейін зауыт маңындағы көлден су ішіп сұлаған. Осыған байланысты Жамбыл облыстық прокуратурасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды astanatv.kz. 

Төрт түлігінен тегіс айырылып қалған тұрғындар малдың қырылуына цианид өндіретін зауыт қалдығының көлге ашық құйылуынан деп отыр. Өлексе қанында химиялық элемент қалдығы шығатынына сенімді. Бұл жағдай бұған дейін де болған. Бірақ жергілікті билік жылы жауып қойды дейді жұрт. Бүгінде осы жағдай тағы қайталанып, 12 бас ал марам қатқан. Мал дәрігерлері де  ауру ағын судан келгенін айтып отыр. 

"Осы жерде 40 жыл болды. Малдың бәрі су ішеді осы жерден. Балығын ұстап жейтінбіз. Еш бәле жоқ еді. Осы екі жыл болды цианид қосылғалы. Ана жерде балықтар да өліп жатыр", - дейді Қаратау қаласының тұрғыны Серікбай Бапахов.

"15 бастың осында су ішіп, 11 өлгені анықталды. Қазір малдардың ішкі органдарынан облысқа тексеруге жібердік. Біздің алғашқы қорытындымыз малдар осы судан уланған деп отырмыз", - дейді Талас ауданы әкімдігі ветеринария қызметінің бас маманы Берік Қаратев.

Тұрғындар улы химиялық цианид өнімін өндіретін зауыт қалдық суын төгуін тоқтатсын деп талап етеді. Қаратаулықтардың енді қырылған малдары үшін өтемақыны кімнен өндіретіні белгісіз. 

"Алтын көл" суын ішу салдарынан 12 жылқының өлгені рас. Арнайы комиссия құрылып, көл суы тексеруге алынды. Бұл дерек бойынша Талас аудандық ІІБ-мен қылмыстық іс қозғалды. "Экологиялық талаптарды бұзу" бабы бойынша  қозғалған іс соңына дейін прокуратура назарында болмақ. Қазір тексеру жүріп жатыр", - дейді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі  Қайсар Бекмұратов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу