Zebra coffee Тәуелсіздік күніне орай жаңа ас мәзірін сатылымға шығарады

358

 "Zebra coffee" Тәуелсіздік күні қарсаңында ұлттық тағамдардың қоспасы бар сусындарын сатылымға шығармақшы.

Zebra coffee Тәуелсіздік күніне орай жаңа ас мәзірін сатылымға шығарады Фото: Zebra coffee

Кофехана бұны Қазақстандық кофе мәдениетін қалыптастыру жолында жасап отырған қадамы, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тары, мейіз, ірімшік қосылған кофе мен шай. Зебракофенің еліміздің тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығатын жаңа ас мәзірі осындай үш түрлі сусыннан тұрады. Ұлттық тағамдар қосылған кофе құлаққа оғаш естілгенмен, дәмі ауызға өзгеше әсер береді. Бұны дегустацияға қатысқан адамдардың бөліскен жағымды ой-пікірлерінен білуге болады. Сусындарды құятын ыдыстардың өзіне біраз уақыт бөлінгені көрініп тұр.

"Менің ойымша, ұлттық құндылықтарды пайдалану қазіргі кезде танымалдылыққа ие, болашағы бар бағыт. Отандық бренд ретінде өз мәдениетімізді кофе арқылы да жеткізе аламыз. Көріп тұрғандарыңыздай, біздің басты мақсатымыз да сол. Кофехана қабырғаларындағы ою-өрнектер, ыдыс, енді сусындарымыз да ұлттық стильде. Сондықтан ұлтымыз үшін ең қадірлісін осындай әдіспен насихаттай алатынымызға қуанамыз",- дейді ZEBRA COFFEE негізін қалаушысы Ержан Тастамбеков.

Кофехана отандық бренд ретінде ел ішінде ғана емес, шетелде де кеңінен танылып келеді. Оның Қырғызстан және Әзірбайжан астаналарында да желісі бар. Жақында Бішкекте төртінші, Бакуде үшінші филиалының ашылуы өтті. ZEBRA COFFEE танымалдылығы артқан сайын, әлемнің түкпір-түкпіріне етек жаюды көздеп отыр.

"Бұл Бішкек қаласында ашылған төртінші кофехана. Мұнда қарқынды дамып келе жатырмыз. Келесі жылға да жоспарлар көп. Бішкек тұрғындарының тұрақты түрде баратын, сүйікті жеріне айналар әлі талай дәмхана ашамыз деген ой бар", - дейді ZEBRA COFFEE негізін қалаушысы Ержан Тастамбеков.

"Zebra coffee" бар-жоғы 5 жылдың ішінде бірталай жетістікке жетіп үлгерді. 2018 жылдың 1 желтоқсанында ол бизнес әлеміне енді ғана қадам басқан шағын компания болса, биыл дәл сол күні 100-ші дәмханасының ашылу салтанатын өткізді. Енді тағы 10 елде жаңа желілер ашу мәселесі талқыланып жатыр. Команда қай елде ашылса, сол жердің ерекшеліктеріне, халықтың тағамға деген талғамына ерекше мән береді. Сондықтан бұл мақсаттың да сәтті жүзеге асарына күмән жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу