Зейнатақы жинағынан үй алуға және емделуге қанша қаржы алынды?

960

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан үй алуға және емделуге 1,3 трлн теңге алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Зейнатақы жинағынан үй алуға және емделуге қанша қаржы алынды?

2021 жылғы 26 мамырда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) "Отбасы банкінде" ашылған арнайы шотқа 1,3 трлн теңгеден аса қаражат аударған.

"Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы 159 мың 621 қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын зейнетақы төлемін пайдаланды. Олардың үштен бірі – әйелдер (50 мың 236) және үштен екісі – ер адамдар (109 мың 385)", - деп жазылды "Отбасы банкінің" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Зейнетақы төлемін пайдалану бойынша көшбасында Маңғыстау облысы тұр: 28 мың 450 тұрғын, екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы 26 мың 15 адам). Үшінші орында – Алматы қаласы (21 мың 832 адам). 

"Астаналықтар 162 млрд-тан аса теңгені, алматылықтар 173 млрд-тан аса теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсады", - деп жазылды хабарламада.

26 мамырдағы мәлімет бойынша тұрғындар зейнетақы жинағындағы ақшаны төмендегі мақсатқа жұмсаған:
32 мың 273 адам "Отбасы Банкіндегі" заем бойынша қарызын төлеген (ішінара немесе толық);
25 мың 637 адам ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді. Оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық) 
82 мың 261 адам ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алған (толық өтеу);
8 мың 422 адам тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша "Отбасы банкінен" ипотекалық заем алған;
3 мың 953 адам ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы аясында);
2 мың 18 адам сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеген;
204 адам жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды;
4 мың 853 клиент емделу ақысын төледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу