Зейнет алдындағы 173 адам "Күміс жас" жобасы аясында жұмыспен қамтылады

1041

Олардың жалақысын мемлекет субсидиялайды.   

Зейнет алдындағы 173 адам "Күміс жас" жобасы аясында жұмыспен қамтылады

Биыл алғаш рет басталғалы отырған "Күміс жас" жобасы бойынша Павлодар облысының жұмыссыз азаматтары тұрақты табыспен қамтылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Байтілесованың айтуынша, бұл жобаға таяуда зейнеткер атанатын, бірақ бүгінде еш жерде еңбек етпейтін 173 тұрғынды тарту жоспарланып отыр.

"Зейнет алдындағы азаматтарға шағын және орта бизнес нысандарына орналасу мүмкіндігі беріледі. Сол арқылы ай сайын тұрақты түрде айлық алумен қатар, еңбек өтілі есептеледі. Бұл зейнетақы сомасына әсер етеді. Жаңа жобадан кәсіпкерлер де ұтылмайды. Себебі олар үшін қосымша жұмыс күші тартылады", - дейді Гаухар Байтілесова.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан берілетін субсидия көлемі 30 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. 2022 жылы бұл - 91 890 теңге.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу