Зейнет жасын қысқарту мәселесі қайта көтерілді

10199

Депутат зейнетақыны есептеу кезінде барлық маманның еңбегі бірдей бағалануы керектігіне тоқталды.  

Зейнет жасын қысқарту мәселесі қайта көтерілді

Мәжіліс депутаты Александр Милютин елімізде зейнет жасын 60 жасқа дейін қысқарту мәселесін қайта көтеріп, Премьер-министр Асқар Маминге сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол 27 қаңтарда үкіметтің жіберген жауабына көңілі толмайтынын, сондықтан сауалды қайта жолдайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, Қазақстан халық партиясы депутаттарының ынтымақты зейнетақы жүйесіне қайта оралу туралы ұсынысы әлемдік тәжірибедегі жүйеге негізделген.

"Яғни бір зейнеткерге төрт жұмыс істейтін адамнан келетін арақатынас кезінде жүйе сәтті және табысты жұмыс істей алатыны дәлелдеген. Ресми статистикаға сәйкес, бүгінде Қазақстанда 8,7 млн адам жұмыс істейді. Бұл жұмыс істейтіндердің зейнет жасындағы тұрғындар санынан 4 есе көп екенін көрсетеді", деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Александр Милютин үкімет басшысынан 1998 жылы Қазақстан бас тартқан  ынтымақты зейнетақы жүйесін қайтару мәселесін қарауды ұсынды.

"Сіз еңбек жағдайының күрделенуіне байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау туралы ұсынысымызды жауапсыз қалдырғансыз. Заң бойынша тек құқық қорғау органдары ғана ерте зейнетке шыға алады. Алайда кеншілер, металлургтер, өнер адамдары (балериналар) 60 жасқа дейін кәсіби біліктілігін жоғалтады. Біз мұны әділетсіз деп санаймыз. Зейнетақы заңнамасы азаматтардың әртүрлі санатына және қандай жұмыс істейтініне қарамастан кемсітушілікке жол бермеуі керек. Еңбек жағдайының күрделі екенін бірдей ескеру керек",  деді депутат.

Еске салайық, 27 қаңтарда депутат Александр Милютин Қазақстанда елімізде зейнет жасын 60 жасқа дейін қысқарту мәселесін көтерген еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу