Үкімет басшысының сөзінше, азаматтар ертерек құрмет демалысына шықса, бірыңғай жинақтаушы қорға түсетін салымдар азаяды. Ал ол жүйеден берілетін төлемдерге кері әсер етеді.
"Сонымен қатар өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты, зейнеткерлік жасын көтеру үрдісі дамыған мемлекеттерде де, көрші елдерде де қолға алынған шара", – дейді Премьер-министр.
Зейнет жасы төмендемесе де, зейнетақыны арттыруға бағытталған жүйеге параметрлік өзгерістер енгізіледі деп сендірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу