Зейнет жасына жеткен ҰҒА академиктеріне стипендия төленеді

406

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен зейнет жасына жеткен Ұлттық Ғылым академиясының академиктеріне ай сайынғы стипендия мөлшері белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Зейнет жасына жеткен ҰҒА академиктеріне стипендия төленеді Фото: egemen.kz

Оның мөлшері 60 АЕК, яғни 207 000 теңгені құрайды.

Стипендияға ілігу үшін академиктер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • Стипендияны еркін нысанда төлеуге өтініш;
  • ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
  • ҚР азаматтығын растайтын құжат (ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
  • Екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банктен анықтама.

Шәкіртақы төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:

  • ҰҒА академигінің қайтыс болуы (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
  • ҰҒА академигін хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау (сот актісі);
  • ҰҒА құрамынан шығару (ҰҒА Президиумы отырысының хаттамасынан үзінді);
  • Стипендиат ҚР азаматтығынан айырылған жағдайда.

Қаулы бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу