Әсіресе, мектеп қарауылына қатысты талаптарды қатаңдату қажет.
Қаңтар оқиғасынан кейін жиі көтерілген бұл мәселе 2 жыл өтсе де әлі толық шешімін таппай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқу ордасында "күзет" деген аты болмаса, қауіпсіздік қызметін қариялардың атқарып жүргені жасырын емес.
Осы ретте Атамекен бизнес редакциясы Астанадағы мектепке барып, оқушылардың қауіпсіздігін көріп қайтты.
Сөйтсе, түсірілім тобы суық қару тұрмақ, оқу ордасына бомба алып емін-еркін кіріп кетуге болатына көз жеткізді. Сонымен мектептегі зейнет жасындағы қарауыл балаңызға қаншалықты қорған бола алады?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу