Өзінің зейнетақы активін басқаратын компанияны таңдау үшін ерлерге 8 млн, ал әйелдерге 10 млн теңге жинау керек. Ұлттық банктің зейнетақы жүйесіне қатысты жаңа концепциясында осылай делінген, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазіргі таңда зейнетақы активтерін Ұлттық банк басқарады. Жаңа ереже бойынша, салымшылар инвестициялық компанияны өздері таңдау үшін 8 миллион жинағы болуы керек. Бұл шама жыл сайын өзгеріп отыруы мүмкін. Ал басқа компанияның басқаруына тек сол шекті соманы ғана бере алады. Қалғаны Ұлттық банктің қарамағында қалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу