Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 531 млрд теңге болды

869

Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 531 млрд теңге болды

2016 жылдың қорытындысы бойынша  зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістер 531 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.

Ол өткен жылы  БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша айсайынғы орташа кіріс 44,3 млрд теңге болғанын тілге тиек етті.

Былтырғы жылдың  12 айында зейнетақы активтері 848,7 млрд теңгеден  6,7 трлн теңгеге дейін артқан. Дегенмен аталған өсімнің 62,6 пайызы инвестициялық кіріске тиесілі екенін де атап өтті.

Пірматовтың келтірген мәліметі бойынша,  6,7 трлн теңгенің  5,3 трлн теңгесін зейнетақы жарнасы құраса (бұл 80пайызы), ал инвестициялық кіріс 1,3 трлн теңгеден асқан (20 пайызы).

БЖЗҚ құрылғалы бері  салымшыларға зейнетақы төлемдерінің көлемі, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылғандарды қоса есептегенде, 410,6 млрд теңгені құрапты.

Пірматов сондай-ақ инвестициялық кіріс күн сайын есептеліп отыратынын сөз етті. Оның көлемі облигациялар, депозиттер мен акциялардан тұратын инвестициялық қоржынның құрылымына байланысты болмақ. Тәуекелдерді төмендету мақсатында зейнетақы активтерінің бір бөлігі шетел валютасымен шығарылған құнды қағаздарға инвестицияланған.  Инвестициялық кірістің сомасы құнды қағаздарды нарықтық жағдаймен қайта есептеу, есептелген сыйақы, шығарылған құнды қағаздар бойынша шетелдік валюта бағамының өзгеруі және басқа да факторлар  нәтижесінде жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу