Қазақстанның Ұлттық банкі зейнетақы активтерін салымшылардың таңдауы бойынша жеке компанияларға беру үшін заң жобасын дайындап жатыр. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.
"Қазіргі уақытта үкімет пен бизнес-қоғам талқылап жатқан заңға қажетті түзетулер дайын тұр", — деді Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, келісілген позиция тұжырымдалғаннан кейін қызығушылық танытқан жақтардың пікірімен санаса отырып, заң жобасы қоғам мен парламенттің қаралымына ұсынылады.
Сонымен қатар, Ақышев зейнетақы активтері инвестиция портфелінің құрылымы туралы жарияланған есептің форматы егжей-тегжейлі қаралып жатқанын айтты.
Төрағаның айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық банк жаңа зейнетақы активтерін бөлудің жаңа стратегиясын құрастырып жатыр.