Зейнетақы активтері жыл басынан бері 881 млрд теңгеге артты

901

Ұлттық валютадағы инвестициялар – 63,99%-ды, АҚШ долларындағы инвестициялар – 32,08 %-ды құрайды. 

Зейнетақы активтері жыл басынан бері 881 млрд теңгеге артты

2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері жыл басынан бері 881 млрд теңгеге артып, 11 679,12 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

"БЖЗҚ зейнетақы активтері 2013 жылдың қыркүйегінен бастап осы күнге дейінгі кезеңде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы инвестициялық кіріс шамамен 30% немесе 3,9 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың наурызына дейін) зейнетақы активтерінің табыстылығы (6,4% инфляция кезінде) 11,87%-ды құрады. Яғни соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылығы оң болып, 5,5% -ды көрсетті", – деп жазылған хабарламада. 

2020 жылдың басынан бастап инвестициялық кіріс мөлшері 667,73 млрд теңгені құрады.

Ал БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфельі валюта бойынша төмендегідей бөлінеді:
Ұлттық валютадағы инвестициялар – 63,99%, АҚШ долларында – 32,08 %, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 3,93%-ы.

"Наурыз айында доллардың теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381-ден 448 теңгеге дейін нығайғаны байқалды. Сәйкесінше, валюталық құралдарға инвестицияланған зейнетақы активтерін жағымды валюталық қайта бағалау зейнетақы активтерінің өсуін қамтамасыз етті", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу