Зейнетақы активтері жыл басынан бері жеті пайызға өсті

619

Тамыз айының соңында зейнетақы активтері 7%-ға өсіп, 13,9 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов баяндады, деп жазады inbusiness.kz.

Зейнетақы активтері жыл басынан бері жеті пайызға өсті

"БЖЗҚ зейнетақы активтері тамыз айының соңында 13,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 919 млрд теңгеге немесе 7%-ға артты. Жыл басынан бері инвестициялық табыс көлемі 718 млрд теңгені, зейнетақы жарналары – 1 097,3 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері – 175,7 млрд теңгені, мерзімінен бұрын алулар – 848,4 млрд теңгені құрады", – деп хабарлады Баймағамбетов.

Ол кейінгі 12 айда зейнетақы активтерінің табыстылығы 8,6%-ды құрағанын атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу