Зейнетақы активтерін басқаруды реформалауға қатысты ұсыныстар талқылануда

813

Зейнетақы активтерін басқаруды реформалауға қатысты ұсыныстар талқылануда

Қазақстанда зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар талқыланып жатыр. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев "Деловой Казахстан" басылымына берген сұхбатында айтып берді. 

"Біз зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау жөнінде ұсыныстар дайындадық. Қазір олар қаржы нарығының қатысушыларымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының алаңында талқылануда. 2016 жылдың басынан бері БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқарушылық шешімдерді қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесі енгізілді. Негізгі функциялар ҚР президенті басқаратын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің құзыретіне берілді", - деді Ұлттық Банк басшысы.

Ол сондай-ақ "Ұлттық Банктің АВА, Ұлттық қордың қаражаты және БЖЗҚ активтерінің бөлігі шетелдің жеткілікті түрде ауқымды нарықтарына инвестицияланды, соның нәтижесінде инвестициялық процестегі мүдделер қайшылығы қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған жоқ", – деп хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу