Зейнетақы активтерін инвестициялаудан таза кіріс 29,4 миллиард теңгеге ұлғайды

696

Зейнетақы активтерін инвестициялаудан таза кіріс 29,4 миллиард теңгеге ұлғайды

Салымшылардың зейнетақы жинағы 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 101,3 млрд теңгеге (1,3%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 7 882,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі. 
2018 жылғы 1 наурызда 2 804,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан таза кіріс 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 29,4 млрд теңгеге ұлғайды. 
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептемегенде) 2018 жылғы 1 наурызда 9,6 млн шотты құрады. 
Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-ақпанда 62,8 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық қоржынының негізгі үлесін 2018 жылғы 1 наурызда бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 44,2%-ын және 28,3%-ын) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу