Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі 66 млрд теңгені құрады

552

Тиісті ақпаратты БЖЗҚ баспасөз қызметі таратты.  

Зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі 66 млрд теңгені құрады Фото: myelection.info

Биылғы қаңтар айында есептелген зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 5,4 есеге артты. Осылайша 66,4 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылардың құзыретіндегі портфельдің 12 айдағы инвестициялық кірістілігі төмендегідей болды: ҚРҰБ (6,93%), "Halyk Global Markets" АҚ (6,89%), "Jusan Invest" АҚ (6,44%), "BCC Invest" АҚ (4,93%), "Сентрас Секьюритиз" АҚ (4,67%). Зейнетақы активтерінің қысқа уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекпен сипатталады. Оларды инвестициялаудың негізгі мақсаты – ұзақ мерзімді кезеңде нақты кіріс алу", - делінген хабарламада.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған жылдан (1998)  бастап 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен бірге бүкіл кезеңдегі инфляция 686,62% болған кезде 735,95% көрсетті. 

"Осылайша ұзақ мерзім ішіндегі жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан едәуір асып түседі. Егер жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі нақты салымшының жинақтарының бүкіл кезеңінде жинақталған табыстың жалпы мөлшеріне әсер еткен жағдайда, атап айтсақ, зейнетақы жарналары аударылған толық кезең ішіндегі жинақталған кірістілік сол кезеңдегі жинақталған инфляциядан төмен мәнді құрайтын болса, онда мемлекет осы салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы мен инфляция деңгейін ескере отырып нақты аударылған зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма мөлшерінде кепілдік төлемін жүзеге асырады", - деп хабарлады БЖЗҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу