Зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 121,68%-ға жетті

860

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) біріктірілгеннен бастап  салымшылардың инвестициялық табысы шамамен 5,4 трлн теңгеге жетті. 

Зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 121,68%-ға жетті

Инвестициялық табысты Ұлттық банк қамтамасыз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша барлық зейнетақы жинағының таза инвестициялық табысының  үлесі 36,3%-ды құрады. 

"Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алсақ,  таза инвестициялық табыс 6,2 трлн теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік 645,77%-ды көрсетті. Ал инфляция 524,09% болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 121,68%-ға жетті", – деп нақтылады қордың баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу