Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,9 трлн теңгені құрады

Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 845,94 млрд теңгеге тең. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,57 млрд теңгені құрады.  

Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 14,9 трлн теңгені құрады Фото: gov.kz

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 14,9 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі БЖЗҚ-ға сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық банкі басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,96%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 11,27%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары мен депозиттері – 7,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,47%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,52%, қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 0,11%.

"Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мынадай көрініске ие: ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,63%, АҚШ долларында – 28,31%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Алынған кірістің құрылымын талдай отырып, бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 111,01 млрд теңгені, өзге кірістер – 0,21 млрд теңгені құрағанын көруге болады", – деп жазылған хабарламада.

Ал сыртқы басқарудағы және шетел валютасын қайта бағалауға байланысты құралдар 45,03 млрд теңге көлемінде шығын әкелді. Бұл биылғы жылы алынған инвестициялық табысқа геосаяси факторлардың әсерін растайды.

Дегенмен, 2023 жылдың қаңтарындағы жалпы табыс оң бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу