Зейнетақы қоры ескертеді: Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілін тапты

68

Елімізде цифрлық технологиялардың белсенді дамуымен қоса кибералаяқтық та қарқын алды.  

Зейнетақы қоры ескертеді: Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілін тапты Фото: enpf.kz

Әлеуметтік желілерде зейнетақы жинақтарын әр түрлі облигацияларға, акцияларға және қаржылық операцияларға салу туралы шындыққа сәйкес келмейтін жарнамалары мен ұсыныстары бар роликтер жиі таралып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азаматтардың ресми құрылымдарға деген сенімін пайдалана отырып, алаяқтар психологиялық қысым көрсетіп, жеке және қаржылық ақпаратқа қол жеткізу мақсатында өздерін көбінесе мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау органдарының, байланыс операторларының және басқа ұйымдардың, соның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырады.

Осыған байланысты, "БЖЗҚ" АҚ зейнетақы активтерін инвестициялаумен Ұлттық банк айналысатынын еске салады. Ол Үкімет бекіткен инвестициялық декларацияға сәйкес зейнетақы жинақтарын әр түрлі қаржы құралдарына салатын сенімді басқарушы ретінде әрекет етеді.

"Зейнетақы активтерін басқаруға ҚРҰБ-тан басқа инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қатыса алады, оларға жинақтардың бір бөлігін аударуға мүмкіндік бар. ИПБ-ның басқаруына аударуды тек "БЖЗҚ" АҚ порталы арқылы жасауға болады, бұл үшін ешқандай делдал қажет емес", – деп ескертеді зейнетақы қоры.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында және сіздің қауіпсіздігіңіз үшін "БЖЗҚ" АҚ  төмендегілерді ескертеді:

  1. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ешқандай делдалдың көмегі қажет емес, комиссиялық төлем алынбайды;
  2. БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін өтемақы алмайды, барлық төлемдер қатаң түрде заң аясында жүзеге асырылады;
  3. Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделу ақысын төлеу мақсатында пайдалану тек уәкілетті оператор (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады;
  4. Мемлекеттік органдардың, банктердің, құқық қорғау құрылымдарының, байланыс операторларының және БЖЗҚ-ның қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты ешқашан талап етпейді;
  5. Егер қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды және жұмыс орныңызды білсе, ол оның ресми тұлға екендігін білдірмейді. Қажетті деректердің барлығын түрлі тәсілдермен алуға болады.

"БЖЗҚ" АҚ қызметкерлері өз жинақтарын аудару, қаржы құралдарына салу, сондай-ақ қандай да бір акциялар сатып алу туралы ұсыныстар жасалатын түрлі роликтерге қатыспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу