Зейнетақы қоры Таяу Шығысқа инвестиция ретінде 367 млрд теңге салған

99

Ұлттық банк бұл ақшаның бір бөлігін Таяу Шығыс елдерінің компаниялары мен үкіметтеріне қарызға беріп, пайыз арқылы табыс тауып отыр.  

Зейнетақы қоры Таяу Шығысқа инвестиция ретінде 367 млрд теңге салған Фото: kursiv.kz

Зейнетақы қорындағы жалпы ақша 25,9 триллион теңгеге көп болғандықтан, Таяу Шығысқа салынған 367,2 миллиард теңге оның 1,4%-ын ғана құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Курсив" порталына сілтеме жасап.

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуы БЖЗҚ инвестициялары үшін бірнеше бағытта тәуекел тудыруы мүмкін.

БЖЗҚ активтері салынған бұл елдердің басым бөлігінің (әсіресе БАӘ мен Сауд Арабиясы) "нвестициялық рейтингі жоғары. Бұл деген – олардың дефолтқа ұшырау немесе қарызды қайтармай қалу ықтималдығы өте төмен.

Айта кетейік, теңгенің нығаюы салдарынан зейнетақы қоры наурыз айында 240 млрд теңге инвесттабысынан айырылды. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу