Зейнетақы қоры жаңа тұжырымдама жасауда

702

Зейнетақы қоры жаңа тұжырымдама жасауда

Зейнетақы қоры өзін жұмыспен қамтып отырғандарды жүйеге тарту үшін арнайы тұжырымдама жасап жатыр.  Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қор өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Биылғы ақпан-сәуір айларында қор мамандары 117 260 адаммен байланыс орнатқан.  Оның жартысы  жұмыссыз болса, қалғаны  өзін жұмыспен қамтып отырғандар, жеке кәсіпкерлер.

Жас категориясына келсек, 41 проценті 18 бен 25 жас аралығындағы жастар болса, 34 пайызы 25 пен 40 жас аралығындағы азаматтар. 14 пайызы 40-тан 50-ге дейін, ал 11 пайызы 50 жастан асқандар.

Қазір еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізіп жатыр. Осылайша елімізде тұрақты жұмысы жоқтарға зейнетақы жүйесінде ақша жинау мүмкіндігі  берілмек.

"7,10 алғашқы жарты жылдықта  328 мың адаммен байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз. Біз өз бетімізше өзін жұмыспен қамтып отырғандарға  арналған ұсыныстарымызды жасап, қоғамдық кеңесте талқыладық.  Біздің мақсатымыз міндеттеп емес, ерікті түрді халықты зейнетақы жүйесінен жинақ ашуға ынталандыру", - дейді "БЖЗҚ" АҚ  басқарма төрағасының орынбасары  Сәуле Егеубаева.

Айта кетейік, 2018 жылғы сәуір айындағы зейнетақы активтерінің жылдық табыстылығы инфляцияны есептегенде 2,3 пайызды құрады.  Жыл басынан бергі таза инвестициялық табыс  169 млрд 3 млн теңгеге жетті.

Өткен жылғы сәуірден бастап 1 мамырға дейін зейнетақы жинағының жалпы көлемі 1 трлн 2 млрдқа артып, 8 трлн 13 млрд теңгеден асқан. Ал биыл жыл басынан бергі түсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 11 пайызға артып, 266 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы төлемдері 83 млрд теңгені құрады, ал сақтандыру аударымдары  5 млрд 7 млн теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу