Зейнетақы қорына 71 млрд теңгені кімнің қайтарары белгісіз

658

Зейнетақы қорына 71 млрд теңгені кімнің қайтарары белгісіз

Әзірбайжанның тәуелсіз қаржыгері Акрам Гасанов еліміздің Зейнетақы қорына қарыз халықаралық банкке қатысты туындаған дауды негізсіз деп атады. Себебі, банк әлі банкрот бола қойған жоқ және ұйымның берешегімен мемлекет айналысуда. Қазіргі таңда бар мәселе 3,6 млрд доллар көлеміндегі қарыздың кестеге сәйкес өтелуі жайында болып отыр. Себебі, алдағы екі жылда банк жекешелендірілетін болады. Сондықтан қарызды өтеу жайында болжау қиын деді қаржыгер.

Акрам Гасанов, Қаржыгер

Әзірбайжанның Халықаралық банкін жекешелендіретін болады. Осы тұрғыда қазақстандық тарапта қандайда бір мәселе туындауы ғажап емес. Бірақ сіздердің қорларыңыз қажетті шешім шығарады деп ойлаймын. Немесе құнды қағаздарды сатуы мүмкін.

Сондай-ақ, Гасанов Әзірбайжан банкі басшысының жемқорлыққа қатысы болғандығын жеткізді. Салдарынан ұйым едәуір шығынға ұшыраған. Мәселен, банкке 211 млн манат залал келтіргені үшін қаржы институтының бұрыңғы басшысы Джахангир Гаджиевты 15 жылға дейін бас бостандығынан айырған болатын. Ал, Халықаралық банктің шығыны өткен жылы 1 млрд долларға жеткен.

Акрам Гасанов, Қаржыгер

Жалпы осы жылдарда банктың шығыны 10 млрд доллар деп есептелуде. Міне, осы тұрғыда қазақстандық қор абай болуы керек еді деп ойлаймын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу