Зейнетақы қорына айыппұл салынды

619

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне уақытында ақпарат бермегені үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Зейнетақы қорына айыппұл салынды Фото: naryk.kz

Басты себеп - тергеп-тексеру кезінде қажетті мәліметтер заңда белгіленген мерзімде жіберілмеген.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен зейнетақы қоры 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 306 мың теңгеден аса әкімшілік айыппұл салумен жауапкершілікке тартылған.
Агенттік монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбау немесе жалған ақпарат беру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу