Зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беру жобасы 2021 жылы енгізілуі мүмкін

2500

Әзірге дайындалып жатқан нұсқаулыққа сәйкес, 8,5 млн теңгесі бар ер азаматтар мен 10 млн теңдеген асқан қаржысы бар әйелдер шотынан ақша ала алады.

Зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беру жобасы 2021 жылы енгізілуі мүмкін

Зейнетақы қорынан азаматтарға ақша алуға рұқсат беру жобасы 2021 жылы күшіне енуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді, деп хабарлады Atameken Business.

Ведомство басшысы зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгертулерді тағы бір мәрте түсіндіріп, Үкімет қабырғасында журналистерді жинаған болатын. Сонымен, әзірге дайындалып жатқан нұсқаулыққа сәйкес, шотынан ақша алатындар мыналар: 8,5 млн теңгесі бар ер азаматтар және 10 млн теңдеген асқан қаржысы бар әйелдер. Жас шамасы – 40-тан  жоғары. Мұндай санатта әзірге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымы бар 114 мың адам тұр. Оның 95 мыңы – ерлер болса, 19 мыңы – әйелдер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу