Зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге банктерді қаржыландыруға жұмсалады

564

Зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге банктерді қаржыландыруға жұмсалады

БЖЗҚ-ның 200 млрд теңгесі екінші деңгейлі банктердің қаржы құралдарына инвестицияланады. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Өнеркәсіптік өндірісті қолдау үшін 445 млрд теңге бөлінді, оның  300 млрд теңгесі  Ұлттық қордың қаржысы  Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банктің   бірлескен жобасы аясында 155 млрд теңге дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2016-2017 жылдарға арналған экономиканы ынталандыру бойынша берілді", – дейді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, елдегі 8,9 млн тұрғын экономикалық белсенді. Оның 6,3 миллионы жалдамалы жұмысшы,  2,1 млн өзін-өзі қамтығандар,  441 мыңы  жұмыссыз. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді. Өткен жылдың қорытындысына жүгінсек, ШОБ-тың әрекеттегі субъектілер саны  1,1 млн-ға жуықтайды, олар  9 айда  11,2 трлн теңгенің  өнімін шығарған. Шағын және орта бизнестің үлесі ЖІӨ-нің 24,9 пайызы.

Мемлекет басшысы бұл көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сүйенсек, әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу