Зейнетақы қорындағы 3 млрд доллар шетелдік компанияларға аударылды

605

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы 3 млрд доллардан астам ақшасы шетелдік компанияларға жіберілді, деп хабарлады Atameken Business.

Зейнетақы қорындағы 3 млрд доллар шетелдік компанияларға аударылды

Ұлттық банктың дерегінше, аталған сома 2018 жылдың наурыз айынан бастап биылғы жылдың 1-шілдесіне дейін 8 шетелдік басқаушы ұйымға берілген. Оның ішінде Aviva Investors компаниясына 220 млн доллар, Robeco және BlackRock 200 млн, ал PGIM және principal компанияларына 750 млн доллар аударылған. ZKTО "жаһандық акциялар", "дамушы нарықтардың облигациялары" және "инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар" мандаттары бойынша жүзеге асырылған.

Биыл Ұлттық Банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің сомасы 13,3 трлн теңгеден асқанын айта кеткен жөн. Ал жергілікті қазақстандық компаниялардың басқаруында 8,8 млрд теңге бар. Оның ішінде Jusan Invest-– 4 млрд теңге, Halyk Global Markets – 2,4 млрд, BCC Invest – 1,4 млрд теңге және "Сентрас Секьюритиз" – 920 млн теңге зейнетақы қорының активтеріне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу