Зейнетақы қорындағы ақшаны қандай жағдайда алуға болады?

1326

Зейнетақы қорындағы ақшаны қандай жағдайда алуға болады?

Өзге де ақпараттар. Болашақта зейнетақы жинағын баспана алу, оқу ақысын төлеу мақсатында алуға рұқсат етілуі мүмкін. Мұндай мүмкіндікті беру жағын қазір мамандар қарастырып жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры басшыларының брифингінде мәлім болды. Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева ақша болашақта зейнетақы алуға мүмкіндік беретін сомадан артық болған жағдайда ғана берілуі тиіс. Ер азаматтар үшін бұл сома - 8 млн теңге, әйелдер үшін 9 млн теңге болуы тиіс деді. Айта кетсек зейнетақы жинағын оқу, баспана алу мақсатында алдын ала алу туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланған болатын. Ал банкирлер мен депутаттар аталған жүйені терең зерттеп барып кірісу керектігін айтқан еді.

Сәуле Егеубаева, БЖЗҚ Басқарма Төрайымының орынбасары

Қор ақшасының сақталуына мемлекет те , бізде кепілдік береміз. Мемлекеттік кепілдік бойынша зейнетке жасы жеткендерге, 1,2 топтаға мүгедеутерге,шет елге көшіп бара жатқандарға және азамат қайтыс болғанда оның туыстары айырма төлемдерін алуға мүмкіндіктері бар. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" жүзеге асырады.

Қаржы министрлігінің деректері бойынша мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілді міндеттемелері 2016 жылы 11 млрд 615 млн. теңге болса, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2 млрд 589 млн. теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу