Зейнетақы қорындағы ақшаның 10% алуға рұқсат ету ұсынылды

1033

Мұндай бастаманы қоғамдық кеңестің басшысы Евгений Сейпульник өзінің әлеуметтік желісінде көтерді.  

Зейнетақы қорындағы ақшаның 10%  алуға рұқсат ету ұсынылды

Елімізде зейнетақы қорындағы ақшаның 10 пайызын алуға рұқсат ету ұсынылды, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Егер зейнетақының бір бөлігін шешуге мүмкіндік берген жағдайда жинақ 1,7 трлн теңгеге азаяды. Орташа төлем, әр салымшыға 42 500-ден 100 мың теңгеге дейін ұлғаюуы мүмкін. Азаматтардың қор мен ұлттық банкке деген сенімі артып, олардың жұмысы жаңа деңгейге көтеріледі деп есептейді.

Аталған төлемді заңнамалық тұрғыда бекітуге де болатыны айтылды. Бұл жиналған мөлшерге қарамастан ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуға құқық береді. Егер бастама көпшіліктің қолдауына ие болса, ұсыныс Президентке жолданады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу