Зейнетақы қорындағы қаражатпен ипотеканы төлеуге болады

163

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұйрық жобасы пысықталып жатыр.

Зейнетақы қорындағы қаражатпен ипотеканы төлеуге болады Фото: lada.kz

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатын енді ипотеканың негізгі бөлігін төлеуге жұмсай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарызды өтеуге шекті мөлшерден асқан қаржы ғана қолданылады. Бұған дейін азаматтар ол сома арқылы ипотеканы пайызымен бірге жабатын. Енді банктің берешегін төлеудің қажеті жоқ.

Сонда қордан алынған қаражат көлеміне қарай несие толық жабылады немесе қалған ай сайынғы төлем мөлшері мен мерзімі қысқарады. 

"Қазіргі таңда біз бірнеше мемлекеттік органмен олардың ұсыныстарын талқылауға салып, біз жобаны қайта мемлекеттік органдарға келісуге жолдадық. Қолдау тапқан жағдайда тиісті мемлекеттік органдар тарапынан, қаңтар айында жоспарлап отырмыз", – деп мәлімдеді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бас сарапшысы Даубек Керімбаев.

Сонымен қатар елімізде зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өседі. Алдағы жылы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі 10 пайызға өседі. Инфляцияның болжамды мәндері есептеліп, кестеге өзгеріс енгізілді. 

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖЕТКІЛІКТІ ШЕГІ:

  • 20 жас - ₸3 720 000;
  • 25 жас - ₸4 390 000;
  • 30 жас - ₸5 120 000;
  • 35 жас - ₸5 890 000;
  • 40 жас - ₸6 720 000;
  • 45 жас - ₸7 610 000;
  • 50 жас - ₸8 570 000;
  • 55 жас - ₸9 600 000;
  • 60 жас - ₸10 700 000.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу