Зейнетақы қорындағы қаржыны кім алады?

1197

Басты басымдық үй-жайы жоқ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілмек.

Зейнетақы қорындағы қаржыны кім алады?

Министр Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, зейнетақы қорындағы 10 триллион теңгені шамамен 10 миллион салымшы жинаған. Яғни, салымшылардың әрбіріне шаққанда миллион теңгеден келеді. Бірақ қордағы жинағын ешкім толығымен ала алмайды. Өйткені қартайғанда ешкім зейнетақысыз қалмау керек. Осы жағдайдан ең тиімді жолды тауып шығу үшін қазір әр түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр дейді министр.

"Қазір әркімнің зейнетақы жинақтары зейнеткерлік жасына қаншалықты жеткілікті деген сұрақ туып тұр. Ол ерлер үшін кемі 11 миллион, әйелдер үшін 13 миллион теңге болуы керек. Егер бұлай қарайтын болсақ, тек табысы жоғары азаматтар ғана зейнетақы жинақтарын пайдалана алатын болып шығады. Ал біз жағдайы төмен азаматтардың пайдаланғанын қалаймыз. Сондықтан түрлі нұсқалар қарастырылады" - дейді министр


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу