Зейнетақы қорындағы салымын 182 мыңнан астам адам алуға өтініш түсірген

1398

1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы салымындағы ақшасын алуға 182 мыңнан астам адам өтініш түсірген. Басым бөлігі, әрине, тұрғын үй алуға қатысты.  

Зейнетақы қорындағы салымын 182 мыңнан астам адам алуға өтініш түсірген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының жетекшісі Мұрат Шәріпов Atameken Business арнасына

эксклюзивті сұхбат беріп, осындай ақпармен бөлісті.

Сонымен, жинақты 3 бағытта алуға рұқсат етілген. Бірінші - баспана. Оған 181 мың өтініш түскен. 661 млн теңгеге оның 125 мыңы қабылданған.

Екінші – денсаулығын түзету. Бұл санатта 737 өтініш түсіп, 270-і мақұлданған. 277 млн теңге бөлінген.

Үшінші бағыт – инвестициялау. 238 өтініш бойныша 692 млн теңгеге жеке басқарушы компаниялар шотына аударылыпты.

Ақшасын инвестициялауды қалаушылардың дені Алматы тұрғындары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу