Зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен асатын соманы "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат беріледі

789

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен асатын соманы "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат беріледі

"Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану бойынша бастаманың оң әсерін бұған дейін атап өткен едім. Ол адамдарды жұмыс берушіден төлемді "әділ" беруін талап етуге итермеледі. Бұл тенденцияны қолдау үшін мұнан ары баспана сатып алу үшін "Отбасы" банкіндегі есепшотқа зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін аударуға рұқсат беру қажет. Бұл да ақша жинау дағдысын ынталандыруға және оны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді", - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу