Зейнетақы қорындағы жинақты білімге 2 пайызбен қалай алуға болады?

1141

Елімізде білім беру несиесінің жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Мұндай ұсынысты білім және ғылым министрі жасады.

Зейнетақы қорындағы жинақты білімге 2 пайызбен қалай алуға болады?

Экономикалық тұрғыда белсенді азаматтарға қайтарым тәртібінде зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік берілмек, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл әзірге ұсыныс қана болғанымен, пайыздық мөлшері белгілі. Егер Парламент қолдап, халықтың көңілінен шықса, білімге арналған зейнетақы қорындағы жинақ 2  пайызбен беріледі.

Қаржы орталығы сарапшыларының Atameken Business-ке берген ақпаратына сүйенсек, елімізде 2005 жылдан бері несиемен оқитын студенттер саны 3 жарым мыңға жеткен. Ал екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшері 10 пайыздан төмен емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу