Зейнетақы, МӘМС және әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіру ұсынылды

436

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты шағымдар азаяр емес.

Зейнетақы, МӘМС және әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіру ұсынылды Фото: Ашық дереккөзден

“Ақжол” партиясы азаматтардың талаптарын ескеріп, қор басшысы мен медицина өкілдерінің басын қосты. Азат Перуашев саланы нарықтық жолға салу қажет, деп есептейді. Сондай-ақ, қаражат мемлекеттік пен жекеменшік орталықтарға теңдей бөлінуі керек, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ал медицина қауымдастығының өкілдері қордың функциясын Денсаулық сақтау министрлігінен алып, Үкіметке тікелей бағынысты қылсақ деген ұсыныс айтты.

“Үш қорды біріктіретін бірыңғай әлеуметтік банк құрсақ дұрыс болар еді. Яғни медициналық, зейнетақы және әлеуметтік қордың басын қоссақ біз әлеуметтік кепілдіктердің барлық түрін қамтамасыз ететін айтарлықтай маңызды жетістікке жетеміз. Біз оған болашақта келетін шығармыз”, - деді Medical Management Group негізін қалаушы Лейла Ишбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу