1-ші шілдеден бастап елімізде зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы өсті. Осылайша, 20 пайыз өсімді қосқанда, ең төменгі зейнетақы 45 мың 711 теңге болып белгіленді. Оны елдегі 2 млн-нан астам зейнеткер тамыз айынан бастап ала бастайды. Сонымен қатар, 1-ші шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы мөлшері де 20 пайызға өсіп, бірінші, екінші және үшінші балаға 86 мың 222 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға берілетін жәрдемақы сомасы 142 мың 947 теңге болып бекітілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу